Өкпесінің 98 пайызы зақымданған жүкті әйел дүниеге дені сау бала әкелді

17

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан 38 жастағы әйел дүниеге сау баланы әкеліп, бүгін ауруханадан шығарылды. Жағдайы нашарлаған әйелдің өкпесінің 98 пайызы зақымданған екен.

Дүниеге келген нәрестені ата – анасы Үмітжан деп атапты. Сәби Баймахановтардың бесінші перзенті. Жүкті ана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 20 сәуір күні жеткізілген. Арада төрт күн өткен соң әйелдің жағдайы нашарлап жан сақтау бөліміне жатқызылған. Кесір тілігі арқылы босандыруға тура келген.

Науқастың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салыпты. «Жадыраның өмірін сақтап қалып, бізге Үмітжанды сыйлаған дәрігерлерге алғысымыз шексіз»,- дейді Баймахановтар.