Қазақстандықтардың жалақысы 232 мың теңгеден асты

137

Қазақстандықтар көп табыс таба бастады. Ұлттық статистика бюросында осылай есептеді, деп хабарлайды LS.

2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 232 347 теңгені құрады. Өткен жылдың күзінен бастап деңгей өсуде.

Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 2021 жылғы сәуірде 124 132 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 10,1%-ға жоғары.

Сондай-ақ, бюрода 2021 жылдың І тоқсанында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрағанын еске салды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9 пайызға жетіпті.