«Сапасыз тұрғын үй салушылармен әңгіме қысқа болады»

46

Шымкент тұрғын үй құрылысы жұмыстары бойынша рекорд жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Белісбеков мәлімдеді. Қазіргі таңда шаһарда 45 мыңға жуық тұрғын үй кезегінде тұр. Ал ағымдағы жылдың 5 айы ішінде аз қамтамасыз етілген 36 969 отбасыға 7,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген.

Шымкентте 44 850 азамат үй кезегінде тұр. Ағымдағы жылы 976 азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. 5 айдың қорытындысы бойынша кезекте тұрған 608 азамат баспанамен қамтылса, ал қалған 368 пәтер тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып тапсырылуына қарай үлестірелетін болады.

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «4 бағдарламамен беріледі. Жаңа бағдарлама айтып шықтым ғой, «2-10-20», «5-10-202, «5-20-252, «7-20-25″. Соның ішінде былтыр бізде 100-ден астам адам сертификат алды. Сертификат деген сөз банкке барады, банкке барған соң келісім болғаннан кейін бізге келеді. Сосын біз миллион теңгені неге береміз, ол бірінші өзінің взносын тастайды, банкке құяды бірінші. Соны былтыр біз көрдік, 100-ден астам адам алғаннан кейін, адамның басы өзінің идеясы көбейіп жатыр».

Салынған тұрғын үйлердің сапасына кім жауап береді? Бұл кадрлар бірнеше жыл бұрын түсірілген. Баспаналар мемлекеттік бағдарлама аясында берілген, алайда көп ұзамай тұрғындар үйдің сапасына шағымданды. Бір жерінде шатырдан су ағып жатса, енді бірінде санитарлық жабдықтар бұзылып, кәріз құбыр жүйесінен шыққан.

«Сапасыз тұрғын үй салушылармен әңгіме қысқа болады»,- деді әкім орынбасары. Бірақ тұрғындар да өз үйінің жұмысын жіті бақылауы керек екендігін ескертті. Осындай проблемаларды болдырмау үшін қабылдаушы тарап нысанды егжей-тегжейлі тексеріп алған жөн. Егер, тұрғын үй құрылысында ақаулық табылса, сотқа бірден шағымдануға кеңес берді Ерғали Білісбеков.

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Бізде 5 жылға дейін кепілдік бар, өйткені компаниялардың өзінің міндеттемелері бар. Егер міндеттемені орындамаса, сіздердің тараптарыңызда болып, компаниямен соттасамыз. Мен тұрғын үй құрылыс басшысына нақты тапсырма бердім. Мен үнемі былай деймін: Қаланың әкімшілігі бөлек өзі бір тұрған орган емес, бұл сіздердің әкімшіліктеріңіз. Сондықтан, біз сіздер жақта болып, айтқандарыңызды қолдап, сотқа дейін баруға дайынбыз».

Сонымен қатар, шенеунік тұрғын үй алу кезіндегі жемқорлық туралы да айтты. Сөзінше, ел арасында ақша берсең ғана баспаналы боласың стеоротип қалыптасқан. Егер мемлекеттік қызметкерлер арасында кімде-кім пара сұраса, тұрғындардан бұлтартпас дәлелмен келіп арыз жазуын өтінді.

Ерғали Білісбеков, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Мен бір жұмысқа кірдім, ертеңіне 150 адам келді біздің әкімшілікке. Шулап осындай дейді. Мен айтам бір факт көрсетіңдерші, ешкім айтпайды. Мен айттым арыз жазып берші айналайын, арыз жазып берші менің атымнан, сол адамды жұмыстан шығарайық. Бір адам жылжымайды, бір адам. Енді өзіміздің менталитет па, мен білмеймін, немен байланысты. Бәрі айтады мынандай мынандай. Айтшы кім екенін, «айтпайм мен ұят болады ғой» дейді. Қалай сенен біреу ақша сұраған ұят емес, сенің айтқының ұят. Мен жаңа айтып өттім ғой, бізде өте көр жерде мыж әңгіме,  сол әңгімені қою керек, нақты пара сұрады ма, келіңіздер бізге, сол адам кетеді жұмыстан».

Әкімнің орынбасары, Шымкентте пандемияға қарамастан жұмыссыздық деңгейі төмендегенін алға тартты. Сондай-ақ, жақын арада бұл көрсеткішті мүлдем жоямыз деп сендірді.