Шымкент: Тұрғын үй құрылысының сапасы қала әкімінің жіті бақылауында

190

Қала әкімі Мұрат Әйтенов басқарма басшыларымен құрылыс нысандарын аралады.

Қаланың даму жоспарындағы басты бағыттың бірі — кезектегі азаматтарды баспанамен қамту. Ұ.Арғынбеков көшесінің бойындағы 9 қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы кестеге сәйкес жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Мердігерлер тамыз айында екі үйді, қарашада 1 үйді, жылдың соңына дейін тағы бір тұрғын үйді пайдалануға тапсыруды көздеп отыр. Құрылыстың құны 3,5 млрд. теңге.

Қала әкімі сонымен қатар әкімшілік іскерлік орталығындағы 9 қабатты 56 пәтерлі үйдің құрылысымен танысты. Мердігер компания 2019-2020 жылдары 1 млрд. теңгеден астам қаражатты игерсе, биыл жарты млрд қаражатты жұмсамақ. Шаһар басшысы жауаптыларға және де мердігер компания басшысына үйдің сапасына аса көңіл бөлуді тапсырды.

Шынар Оразова