Úı ANONS Шымкентте 44 842 азамат үй кезегінде тұр

Шымкентте 44 842 азамат үй кезегінде тұр

Шымкентте биыл баспана кезегінде тұрған азаматтарға 976 пәтер үлестіру жоспарланған.

Қазіргі таңда 608 пәтер беріліп, қалған 368-ін қыркүйекте тапсыру қарастырылған. Қалалық тұрғын үй басқармасындағылардың мәліметінше, былтыр кредиттік бағдарламалар бойынша, атап айтқанда «7-20-25» аясында 1639 пәтердің 239-ы, ал «5-20-25» бойынша 609 пәтердің 315-і кезектегі азаматтарға үлестіріліпті. Қазіргі таңда қала бойынша 44 842 азамат үй кезегінде тұр.
Азамат Рысжанов, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысы: «2021 жылы  «7-20-25» бойынша 1008 пәтер, «5-10-20» -1028 , «5-20-25» бойынша — 1088, «Бақытты отбасы» бағдарламасы  бойынша 373 пәтер тапсырылады. Жалпы 4 мың 197 пәтер  тапсыру жоспарланған».

Шынар Оразова