Шымкенттік боксшы Украинада өткен турнирде үздік атанды

23

Оның басты арманы бокстан олимпада чемпионы болу. Тынымсыз жаттығудың арқасында алты жыл ішінде Нұрасыл Оралбай үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстанның қол жүлдегері, Шымкенттің екі дүркін чемпионы атанды.

Украинадағы біздің боксшымыздың өнері таңдай қақтырарлық болды. Әлемнің 8 елінен 350 мықты былғары қолғап шеберлері жиылды. 16 жастағы шымкенттік боксшы ринг иелерімен 3 жекпе жек өткізіп сенімді жеңіске жетті. Нұрасыл турнирдің үздік боксшысы деп танылды.