Күні кеше жедел жәрдем стансасының Оперативті бөліміне шақырту түсіп, ол шақыртуды оперативті бөлімінің шақырту-қабылдау фельдшері Ақнұр Спабекова қабылдады.
Шақыртуды анықтау барысында 2 жасар бала суға тұншығып қалғаны анықталып, тез арада жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Сонымен бірге, шақырту-қабылдау фельдшері Спабекова А.Н. «Қоңырауды ұстау» әдісін қолдану арқылы, баланың туысқандарына «жүрек-өкпе реанимациясын (BLS)» қалай жасау керектігін айту арқылы баланы аман алып қалды.
Бүгін бала ауруханадан жазылып шықты. Баланың ата-анасы өз алғыстарын білдірді.