Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды

116

Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты. Олнысандардағы өндірілетін шамамен барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл өз қатарына экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады. Айына 40,000 тонна күкірт өндіру қуаты бар түйіршіктелген күкірт өндіретін жаңа зауыт басқа құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады.

«ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында,командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды», – деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.

Лайон.

Жергілікті компанияларды дамыту ТШО-ның негізгі стратегияларының бірі болып табылады, сондықтан жобаны қазақстандық компания толығымен жүзеге асырғаны және жаңа нысанның барлық мамандары жергілікті кадрлармен толықтырғаны қуантады.

Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға 60-тан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Пандемияныңқиыншылықтарына қарамастан ТШО мен «Caspian Group Construction» ЖШС-і бірігіп жылдан аз уақыт арасында жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтады.

Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жақсы технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді“, – деді Галиаскар Итишев, түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері.

Қазақстан нарығынан басқа ТШО түйіршіктелген күкіртті Африка, Еуропа, Қытай және басқа да нарықтарына экспорттайды.

###

«Теңізшевройл» ЖШС туралы

«Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Қазақстанның тұрақты дамуы барысында барынша таза энергиямен қамтамасыз ете отырып, ТШО қолданыстағы ең үздік технологияларды қолданады және жұмыстардың барлығынқауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.