Төлеби ауданында биыл 180 көпбалалы ана баспаналы болады

50

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Бір ғана Төлеби ауданында әр түрлі санаттағы 3879 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.

Алдағы уақытта кезекте тұрғандардың саны азая түспек. Қазіргі таңда аудан орталығы Леңгір қаласы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізілуде.

Төлеген Телғараев, Төлеби ауданының әкімі: «Былтыр құрылыс басталған. Оған республикалық бюджеттен 1 млрд. 300 млн. қаржы бөлінген. Биылғы жылы пайдалануға беріледі. Ол біздің ауданымызда, аудан орталығында кезекте тұрған көпбалалы аналарға осы кезегімен берілетін болады».

Тұрғын үй құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады. Айта кетейік, ауданда жалпы кезекте тұрған көпбалалы 765 ана бар. Олардың 180-і осы жылы баспаналы болады деп күтілуде.

Әлихан Файызханов