Жалған құжат жасап, өзгенің жерін сатып жіберген…

249

 

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне тиесілі жерін белгісіз азамат нотариусқа барып, сатуға жалған сенім хат алған. Содан соң құжат бойынша ол жерді өзінің жолдасына сатқан. Ал күйеуі болса өзге біреуге сатып жіберген. Осылайша жәбірленушіге 400 000 теңге шығын келтірген.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Ордабасы АПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап, ПБ-ға жеткізді. Жалған жасалған іс-құжаттарға сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматшаның бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға сақ болуды ескертеді. Егер, сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

QAINAR KÓZТО ПД-ның баспасөз қызметі