Медициналық сақтандыру жөнінде көптеген сұрақтар туындап жататыны айқын. Алдағы уақытта осы салаға қатысты сұрақ-жауаптарды ұдайы жариялап отыратын боламыз.
Сұрақ:
— Мен жұмыссыз ретінде тіркелдім, өткен айдың 26-сынан бастап мені жұмыссыздық есебінен алып тастады, енді мен медициналық сақтандыруды өзім төлеуім керек пе? Мен әлі күнге дейін жұмыс таппадым және табысым жоқ. Мен сақтандыру ақысын одан әрі төлеуім керек пе немесе төлемеуге бола ма? Маған міндетті медициналық сақтандыру бойынша емханада қызмет көрсету және медициналық қызметтерді көрсету мүмкіндігі бола ма?
Жауап:
— Жұмыссыздар ретінде ресми тіркелгендер, мемлекет төлейтін 15 жеңілдік санаттарының біріне қосылады. Егер сіз жұмыссыздық тізімінен шығарылған болсаңыз, онда сіз ресми түрде жұмыссыздар ретінде тіркелген жоқсыз және міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды өз бетіңізбен төлеуіңіз керек. Міндетті медициналық сақтандыруға жарналар жұмыссыз мәртебесінен айрылған кезден бастап жүйелі түрде төленуі керек екенін есте ұстаған жөн