«3-Энергоорталық» АҚ 5 күнге жұмысын тоқтатты

222

Шымкенттегі «3-Энергоорталық» АҚ электр энергиясын өндіретін станциясының жұмысын 5 күнге тоқтатуға мәжбүр.

Оған орталықты газбен қамтып отырған «Шымкент-4» газ таратушы станциясының жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Бүгін, 7 шілдеден бастап газ тарату станциясынан газ беру тоқтатылды.
Жансерік Ерботаев, «3-Энергоорталық» АҚ бас инженері: «Бүгін 7:56 минут өткенде станцияны тоқтаттық. Өткені бізге газ  тарату станциясы көгілдір отын беруді тоқтатты. Бұл жағдай жайлы «Оңтүстік Жарық Транзит», «Кегог», энергетика департаменті қалалық  ЖКХ барлығын ескерттік. Жұмыс 11 шілдеге дейін тоқтады».

Бұл мәселемен қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар айналысуда. Жауаптылар алаңдауға негіз жоқ, электр энергиясы тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр.
Бакен Мақұлбеков, Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары: «Оларда трансформаторлар АТ-1,АТ-2  120 мегаватты оларды Кегогтың линиясы арқылы электр энергиясын өткізіп отырады. Электр энергиясынан дефицит жасамауға мүмкіндік бар. Біз қазір осы мәселемен Кегог, ОЖТ бірігіп айналысудамыз. Тұрғындар алаңдамай-ақ қойсын, барлығы бақылауда. Егерде ешқандай форс-мажор жағдайлар туындамаса. Егерде туындаса, тұрғындарды алдын ала ескертеміз».

Сағатына 72-73 мегават электр энергиясын өңдейтін «3-Энергоорталық» АҚ басшылығы газ тарату станциясында жоспарлы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, газ берілсе, жұмысты жалғастыруға дайынбыз»,-дейді.

Шынар Оразова