Әлем бойынша гепатиттен әр 30 секундта бір адам көз жұмады

55

Жыл сайын шілде айының соңында Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні атап өтіледі. Ағымдағы жылы бұл дата «гепатитпен күресті кейінге қалдыруға болмайды» деген ұранмен өтуде.

Статистикаға сүйенсек, бұл дерттен әлемде әр 30 секунд сайын бір адам көз жұмады екен. Сондықтан, коронавирустық пандемия кезінде де бұл дертпен күресті тоқтатуға болмайды.

Денесіне алғаш рет сурет салдырғаннан бері өзін тоқтата алмаған азаматтың тәнінде 13 татуировкасы бар. Николай ең бірінші татуын 16 жасында жасатқан. Бірақ ол кезде гепатитпен ауырамын деп мүлде ойламадым дейді. Әдетте жасөспірім өзі күмәнданған шеберлерге бармайды екен. Бірақ, тату салонындағылар барлық инелер стерильді, қолғаптар тек бір рет қана қолданылады деп сендірген көрінеді.

Николай Шакурский, тұрғын: «Шеберлер сурет салмас бұрын қажет жабдықтарды, техниканы мұқият дезинфекциялайды, теріні өңдейді, қолғап киеді. Менің достарымның ішінен әр түрлі салондарда татуировка салдырғандар бар. Олардың ешбірі ауру жұқтырған жоқ».

Құралдардың қауіпсіздігі туралы ойлаймайтындар В және С гепатитіне жиі шалдығады. Олардың ішінде тату әуесқойлары да бар. Айта кетейік, адамдар бұл вирусты тіс емдеткенде және сұлулық салонына барған кезде де жұқтырып жатады. Әрі гепатитті қолды жумай, лас су мен азық-түліктен жұқтыруға болады.

«А, Е гепатиттері- жуылмаған қол, лас су мен тамақ арқылы тарайды. В, С, Д гепатиттерін терінің зақымдануы және жыныстық қатынас арқылы жұқтыруға болады. сондай-ақ медициналық мекемелердегі таза емес құралдар да себеп болуы мүмкін»,дейді дәрігерлер.

Бүгінде гепатиттің бес вирусы бар. Олар: A, B, C, D және E. Мұның ішіндегі ең қауіптісі- С гепатиті. Яғни, бұл түрімен сырқаттанған науқастың бауыры аз-аздан істен шыға бастайды. Белгілері тек адам ағзасындағы басқа бір маңызды органы ауырған жағдайда ғана байқалады дейді дәрігерлер.

Татьяна Касымова, инфекционист-дәрігер:
«Жедел гепатит, әдетте, өткір өтеді. Гепатит — тез тарайтын жұқпалы ауру. А,В, С гепатиттері мүлдем басқа аурулар және олардың жұғу жолдары әртүрлі. Созылмалы гепатиттің негізгі белгісі — әлсіздік. Егер әлсіздік байқалған жағдайда дәрігерге шұғыл түрде тексерілу қажет».

Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні биыл «гепатитпен күресті кейінге қалдыруға болмайды» деген ұранмен өтуде. Бұл дерттен әлемде әр 30 секунд сайын бір адам қайтыс болады екен.

1. Гепатит қан арқылы өтеді ,қолды жиі жуып, спортпен айналысу керек
2. Мен қолды,көкөністерді,жемістерді жиі жуып,диетаны ұстану керек деп білемін.
3. Бала кезімізде ағам екеуміз В гепатитімен ауырдық. Мен денсаулығымды қадағалаймын, диеталық қоспаларды ішемін, тұрақты түрде етксерілуден өтіп тұрамын

Қазақстанда гепатитке қарсы профилактикалық жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Яғни, аурудың алдын алу үшін сәбилерге вакцина егіледі. Дәрігерлердің айтуынша, вакцинация инфекцияның және оның созылмалы ауруға айналуының алдын алады.

Татьяна Касымова, инфекционист-дәрігер:
«А және В гепатитіне қарсы екпелер бар, 1997 жылдан бастап бұл екпелер мемлекеттік егу жоспарына енгізілді және бала туғаннан бастап екінші, үшінші күннен бастап егіледі. Бұрын вакцина болмаған кезде В гепатиттері өте көп болатын. Ал қазір вакцинаның арқасында дерттің бұл түрі сирек кездеседі. Сондықтан екпе егу маңызды»

Гепатит — бұл үкім емес. Қазіргі таңда дәрігерге уақытылы қаралу мен емдеудің заманауи әдістері бұл ауруды толық жеңуге және өмір сүруге мүмкіндік жасайды.

Татьяна Касымова, инфекционист-дәрігер:
«Қазір вирусқа қарсы препараттар пайда болды, олар ауруды тоқтатады. Мұндай дәрілер С гепатитіне арналған, олар 2 жыл бұрын Еуропада ойлап табылған, қазір олар бізге жетті және 2018 жылдан бастап бұл препараттар тегін берілетін болды»

Қауіпті ауруды жұқтырмас үшін гигиена талаптарын сақтау қажет және тестілеуден уақытылы өтуді ұмытпау керек. Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнін денсаулық туралы тағы бір маңызды ескерту ретінде қабылдауға болады.

                                     Мөлдір Ибадуллаева