Азық дайындау жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылды

90

Азық дайындау жұмысын үйлестіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан республикалық жедел штаб құрылды.

Облыс әкімдіктерінің жанынан да азық дайындау мәселелерін тұрақты түрде мониторингілеу  және  шұғыл іс әрекеттер жасау үшін жедел штабтар жұмысын бастады. Барлық облыста алдағы қысқа арналған ауыл шаруашылығы малына жем дайындау жоспары анықталып, құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің фермерлері үшін мал жаюға жайылымдарды беру және шөп шабуды ұйымдастыру бойынша өңіраралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылуда. Шөп шабу үшін пайдаланылмайтын және жайылмалы шалғындарды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халыққа орман шаруашылығы аумақтарында және табиғи резерваттарда шөп дайындау мүмкіндігі беріледі. Мал азығын дайындау және қамтамасыз ету мәселелері ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.

Шынар Оразова