Мектептерге «Ашық» жобасы енгізілуі мүмкін

554

Мектептер мен білім беру ұйымдарына «Ашық» жобасы енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің өкілі мәлімдеді.

Оның айтуынша алдағы жаңа оқу жылы дәстүрлі офлайн болған жағдайда, оқушылар мен студенттердің денсаулығы үшін қосымшаны енгізу жоспарланып отыр екен.

Жомарт Қарамбаев, Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары:«Бұл мәселе талқыланды, бірақ әзірге жоспарда ғана бар. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Негізінен жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждерде бұл жобаны енгізу жоспарланып отыр».

Айта кетейік, мектеп пен білім беру ұйымдарының қандай форматта ұйымдастырылатыны да әзірге белгісіз. Бұл коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына байланысты. Ведомства өкілі эпидахуал жақсарса, отандық мектептер дәстүрлі форматқа көшуге дайын екендіктерін жеткізді.

Мөлдір Ибадуллаева