Онлайн халық санағы кезінде де сұхбатшылар жұмыс істейді

268

 Онлайн халық санағы кезінде де сұхбатшылар жұмыс істейді. Осылай деген Шымкент қалалық статистика департаментінің басшысы ұлттық халық санағы кезіндегі өзгерістерді атап өтті. Яғни, бірінші қыркүйек мен отызыншы қазан аралығында санақ онлайн форматта өтпек. Демек, кез-келген Қазақстан азаматы sanaq.gov.kz сайтына кіріп, тиісті ақпаратты ешқайда бармай-ақ толтыра алады. Бірақ бұл үйге сұқбатшылар келмейді деген сөз емес дейді сала жауаптылары.

Ерназар Құлтаев,  Ұлттық статистика бюросының Шымкент қалалық департаментінің басшысы: «Бірақ бұл жерде айтылатын нәрсе тағы да бар. Халық «келмейтін еді деген еді, сұрамайды» деген емес. Ол кіріп сол аралықта басқа өзгеріс болды ма? Дүниеге сәби келді ме? Мысалы, үйіне қонақтары келуі мүмкін. Түрлі жағдайға байланысты үйге уақытша бір кісі келуі мүмкін. Сол үйде тағы адам бар ма деп сұрауға сұқбатшы міндетті. Және ол адам өтпеген болса, сол адамнан санақ жүргізуге болады».

Санақ кезінде қалада 1500 адамды уақытша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Үміткер-жасы 18-ден жоғары, адамдармен тез тіл табысатын әрі жауапты болуы маңызды. Және планшетпен жұмыс істей алуы қажет. Ал жұмыс өтілі мен кәсіби білімі ескерілмейді екен. Интервьюердің бір айлық қызметі үшін 104 мың теңге төленсе, 1,5 ай жұмыс істейтін нұсқаушы-бақылаушыларға 45 күн үшін 125 мың теңге қарастырылған екен.

Ерназар Құлтаев,  Ұлттық статистика бюросының Шымкент қалалық департаментінің басшысы: «Егер азамат жұмыссыз болатын болса, қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы сол жерге барып тіркеліп ол тізімді бізге береді. Және аудандық комиссиялар. Негізі келісімшартты түзетін біз. Бірақ аталған жәрдемдесу комиссиялары арқылы қысқаша кеңестен өтеді. Сөйлесіп, көз жеткізген соң келісім шартқа отырамыз».