Сайлауға қатысып, иіссуға ие болды

242

Сайлауға алғаш рет қатысқан Мафтуна Нажиева сыйлыққа ие боламын деп ойламапты. Жауапты науқанға бей-жай қарай алмаған бойжеткен ең алдымен үміткерлерді кездейсоқ таңдамағанын да айтады.

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылындағы сайлау учаскесі аталмыш науқанға тыңғылықты дайындалған. Алғаш рет сайлауға қатысқан 18 жасар Нажиева Мафтунаға сыйлық ретінде иіссу берілді. Бойжеткен таңдау жасағанда үміткерлердің әлеуметтік желідег парақшаларына қарап, жасаған дүниелеріне қарап шешім қабылдадым дейді жас сайлаушы.

Сайрам ауданының №583 сайлау учаскесінде 2886 сайлаушы тізімде бар болса, қазіргі уақытқа дейін 1790 адам өз таңдауын жасаған. Айта кетейік, Сайрам ауданында Қарамұрт, Жібек Жолы, Құтарыс ауыл округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр.

Жалпы ауданда 27919 тұрғын болса, 16193 сайлаушы бар. Олар 12 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.