Шымкент: Онкологиялық орталықта «Ашық есік» күні өтеді

139

Шымкент қалалық онкологиялық орталықта ертең, яғни, 10 шілде күні «Ашық есік» күні өтеді.

Бұл шара сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ашық есік күнінде жергілікті ақ халаттылармен бірге Қазақ Ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының маммология орталығының мамандары қатысады. Олар тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп, кеңес береді.

Сондай-ақ қабылдауға келген пациенттердің көрсеткіштері бойынша маммография, ультрадыбыстық зерттеуі тегін жасалады.

Онкологиялық орталықтың мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі , 85 А.

Назгүл Омарбаева, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты маммология бөлімінің маманы: «Ертең ашық есік жарияланған екен. Ол жерде жергілікті әйелдер тегін әр түрлі сұрақтармен келіп қаралса болады бізге.  Әйелдердің шағымына байланысты тексеру болады. УЗИ, маммография тегін болады.

Ақмарал Айтбаева