Шымкентте блок-бекеттер қойылуы мүмкін

111

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай әлі ушығып отыр. ШаҺарда өткен тәуліктің өзінде 488 науқастан кви анықталды. Егер қауіпті індетті жұқтырғандар саны арта берсе, қалада блок бекеттер қойылуы әбден мүмкін. Осылай деген Шымкенттің бас дәрігері тұрғандарды короновирусқа қарсы вакцина салдырып, карантиндік шектеулерді сақтауға шақырды.

Шымкентте блокпосттар қойылуы мүмкін. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде осылай деп мәлімдеді. Сөзінше үшінші мегаполистегі эпидахуал күннен-күнге ушығып барады. Осыдан бір ай алдын жедел жәрдем қызметіне күніне 1100 шақырту түскен болса, қазірде оның саны 2500-ге жетіп отыр.

Қауіпті індетті жұқтырғандар арасында жүкті әйелдер саны азамай тұр. Бүгінгі таңда шаһарда сәби күтіп жүрген 121 ана тәжівируспен күресуде. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Сондықтан дәрігерлер отбасы мүшелерінің амандығы үшін санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Егер сіздің туысыңыз короновирус індетін жұқтырып птр оң мәнді болатын болса, онымен қатынаста болған барлық адам үй жағдайында 14 күн отыруы қажет. Алайда осы тығыз қарым-қатынаста болған адамдардың өзі карантинде отырмай көше аралап, базар аралап, басқа да тәртіпті бұзып жатқан жағдайлап тіркеліп жатыр. Осындай эпид талаптарды бұзған. Өзінің және өзгенің денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтарды біз полиция қызметкерлеріне беріп, айыппұлдар салып жатырмыз».

Шымкентте жыл басынан бері 248 адам короновирус індетінен көз жұмды. Айта кетерлігі, мұның барлығы да екпе салдырмаған екен. Дегенмен, халық арасында әлі де вакцинаға қатысты түрлі қауесеттер тарап жатыр.

Шаһардың бас дәрігері екпе — қауіпті індеттен құтылудың жалғыз емі екенін тағы да еске салды. Сондай-ақ вакцинаның екі компонентін алған азамат қана вакцинацияланған болып есептелетінін атап өтті.

Бақытжан Позлов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
«Сіздер егер бірінші компонентті алсаңыздар, міндетті түрде екіншісін де алу қажет. Сол кезде ғана сіздер вакцинацияланған болып есептелесіздер. Көп жағдайда қала тұрғындары бірінші компонентті алдым сол жеткілікті деп ойлап жүр. Ол дұрыс емес. Бірінші компонентті алу керек. Сосын белгілі мерзімнен соң екіншісін алу міндетті. Вакцина ол ешқандай чип емес. Вакцина ол вакцина».

Короновирусқа қарсы вакцина індеттен 97 пайыз қорғайды. Ал қалған 3 пайыз сақтану үшін медициналық бетперде қолдану керек дейді дәрігерлер. Сондықтан екпенің екі компонентін қабылдаған адамның да маскасыз жүруіне болмайды.

Айта кетейік, Шымкентте соңғы тәулікте 488 адамнан кви анықталды. Қазіргі таңда стационарлардағы төсек-орын толымдығы 60 пайызды құрайды.

Мөлдір Ибадуллаева