Блок-бекеттерден кімдер өте алады?

167

 

Блок бекеттерден өтуге тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Қала мұқтажы үшін азық-түлік, құрылыс материалдарын, жанар-жағар май таситын көліктерге бұл шектеулер қойылмайды.

Медицина, санитарлық-эпидемиология салаларының қызметкерлері бөгде адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз өте алады. Сондай-ақ, жерлеу шараларын жүргізетін жұмыскерлер мен осы бағыттағы көліктер де өте алады.

Ал ерекше жағдайларда Шымкент қаласынан емделуге кететін ел азаматтарына Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда шектеулердің қатысы болмайды.

ШЕКТЕУЛЕР ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:
1. Шымкент қаласының қажеттіліктері үшін жүк тасымалдау және транзитті жүк тасымалдау:
1.1. Кез келген жүк түрлерінің транзиттік жүк тасымалдары: тек жүк көлігі; көлік құралдары тиелген немесе бос; жүргізуші және екі жолаушыдан артық емес;
1.2. Қала мұқтажы үшін азық-түлік тауарларын (оның ішінде шағын көлемді және ірі көлемді) жүк тасымалдау: тек жүк көлігі; көлік құралдары тиелген немесе бос; жүргізуші және екі жолаушыдан артық емес;

1.3. Қала мұқтажы үшін құрылыс материалдарын, ЖЖМ (жанар-жағар май) және басқа да материалдарды (оның ішінде шағын көлемді және ірі көлемді) жүк тасымалдау: тек жүк көлігі; көлік құралдары тұрмыстық немесе бос болуы мүмкін; жүргізуші және бір жолаушыдан артық емес.
2. Шымкент қаласының қауіпсіздігі мен тіршілігін қамтамасыз ету үшін көлік құралдары және қызмет мамандары:

2.1. Медициналық көмек қызметтерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің қызметкерлері, медициналық персонал, фармацевтикалық компаниялар, сондай-ақ қызметтік және жеке автомашиналарда медициналық мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлері мен зертханалық мамандары, бөгде адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізушілер-қызметтік куәліктерді, жеке куәлікті және жұмыс орнынан анықтамаларды көрсеткен жағдайда);

2.2. Азаматтық қорғау, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері бөгде адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, жүргізушілер-қызметтік куәліктерді, жеке куәлікті және жұмыс орнынан анықтамаларды көрсеткен жағдайда);

2.3. Жерлеу қызметінің қызметкерлері мен көлігі, сондай-ақ 4 бірліктен аспайтын автокөлікке ілесіп жүретін 20 адамнан аспайтын процессия;

2.4. Мамандандырылған инкассаторлық көлік, сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «Азия газ құбыры» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары бөгде адамдар мен отбасы мүшелерінсіз (қызметтік куәліктерді, жеке куәлікті және жұмыс орнынан анықтамаларды ұсынған кезде) ұлттық компаниялардың қызметтік көліктеріндегі қызметкерлер);

2.5. Қызметтік куәліктерін көрсеткен жағдайда құқық қорғау және басқа да арнаулы органдардың қызметкерлері және қызметтік көлік;
2.6. ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қарулы Күштерінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері мен қызметтік көлігі (Шымкент әскери гарнизоны) қызметтік куәлігін немесе әскери билетті және әскери бөлім командирі қол қойған қызметтік қажеттілігін растайтын құжаттарды көрсеткен жағдай; мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тек арнайы автокөлікпен;

2.7. Бұрын Қазақстан Республикасының аумағына кірген шет мемлекеттердің азаматтары, олар Шымкент қаласынан шыққан кезде;
2.8. Ерекше жағдайларда Шымкент қаласынан емделуге кететін Қазақстан Республикасының азаматтары Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен жағдайда;
2.9. Ерекше жағдайларда, Шымкент қаласына жедел емделуге келетін басқа өңірлердің тұрғындары Шымкент қаласының Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткенде;

2.10. Медициналық картасынан үзіндінің негізінде емдеу аяқталғаннан кейін Шымкент қаласының медицина ұйымдарынан шығарылған басқа өңірлердің тұрғындары;
2.11. Шымкент қаласының перзентхана үйлерінен медициналық картадан үзінді көшірме негізінде жаңа туған балалары бар босанған әйелдер;
2.12. Поездық және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ, темір жол тасымалдау процестеріне қатысушылар, әуе кемелерінің экипаждары (қызметтік куәліктерді, жеке куәлікті және жұмыс орнынан анықтамаларды көрсеткен жағдайда);
2.13. Басқа өңірлердің тұрғындары және медициналық картадан үзінді көшірме бойынша карантиндік оқшаулаудан өткен шет мемлекеттердің азаматтары Шымкент қаласынан шыққан жағдайда;

2.14. Қалаға кіру және автомобильдердің шығу құқығынсыз және оларды тасымалдау құралдарынсыз био қалдықтар мен талдаулар жүргізуге арналған биоматериалдарды блокпостарда зертханалық қызметтер арқылы беруге рұқсат етіледі;
2.15. Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның арнайы рұқсаты бойынша ерекше жағдайларда Шымкент қаласына шығатын/кіретін адамдар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда «102» нөміріне хабарласу қажет.

Мақпал Рысбаева