Шымкентте блок-бекеттер жұмысын жалғастыруда

233

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, Шымкент қаласы аумағында карантин режимі әлі сақталады.

Қаладан кірер және шығар жолдағы 18 блок-бекет жұмысын әлі де жалғастырып отыр. Бекеттен өту тәртібі өз күшінде қалды. Мәселен, қаланың тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелер мен қажетті заттарды тасымалдайтын жүк көліктері кедергісіз өткізілуде.

Төлеген Боранбаев, Шымкент қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы инспекторы: «Сергек» блок-бекеттер  деректер базасы  арқылы азаматтар мен автокөліктерді тексеріп кіргізуде, ал база тіркелмегендер кері қайтарылуда. Қаладан тыс қала, ауданаралық жолаушылар тасымалы бұғаттау бекеттерінен өтуге әлі рұқсат берілмеген».

Полиция департаменті өкілі блок-бекеттерден өту уақыты шектелмегенін, ал ондағы полицейлер мен медицина мамандары бұрынғысынша 3 ауысымда тәулік бойы қызмет ететінін атап өтті.

Айта кететін жәйт, Шымкентке дәрігерге көрінуге, жұмыс орнынан және мекен-жайы бойынша анықтамасы бар азаматтар блок-бекеттерден еш кедергісіз өте алады. Сонымен қатар, такси жүргізушілеріне 11-ші мамырдан блок-бекеттерден өту рұқсат етілген. Алайда, олар маңызды талапты орындаулары тиіс- ол көліктегі әрбір жолаушының блек-бекеттен өтуге рұқсат қағазы болуы шарт.

Шынар Оразова