Шымкентте енесі мен келіні коронавирустан бір күнде қайтыс болды

286

Шымкентте күні кеше бір үйдің келіні мен енесі коронавирустан көз жұмды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған екен.

Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Енесі той-томалаққа барып ауру жұқтырады да, ауруханаға түседі. Сөйтіп, ауруханаға түседі артынша ауру жұқтырғаннан кейін аяғы ауыр келіні болады. Ол түседі ауруханаға. Ол келіні вакцина салмаған, енесі де вакцина салмаған. Екеуі 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық».

Айта кетсек, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Мамандар індеттен көз жұмғандардың тәжівирусын той-томалақтан жұқтырғанын айтады.

Әлихан Файзханов