Шымкент қаласында өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 169 жағдай (127 симптоммен, 42 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 65 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 104 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ, бір тәулік ішінде қалада 8626 адам вакцина алды
(I компонент-5288, II компонент-3338.) Егу науқаны басталғалы барлығы 320 623 адам вакциналанды. Оның ішінде 194 266 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі