Шымкентте жаңадан құрылған әкімшілік сот жұмысын бастады

128

Шымкентте жаңадан құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот жұмысын бастады. Бұл сот бүгін күшіне енген жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс негізінде жүреді. Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбаев судьяларды тағайындалуымен құттықтап, оларға жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруларына тілектестігін білдірді.

Гүлмира Қыдырбаева, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы: «Өткен жылдың маусым айында ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі қабылданды. Бұл заң бүгін күшіне енді. Осы заңның қабылдануына байланысты ҚР Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы жарлығымен ел аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылған. Бұл соттар азаматарды заңды тұлғалар мен органдардың арасындағы туындаған жария құқықтық даулар бойынша әкімшілік істерді қарайды».

Айта кетейік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік рәсімдер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің талаптары қамтылған. Енді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінген әрбір азаматтың өтініші кодекс нормаларымен қорғалып, еліміздегі әкімшілік құқықтық қатынастар жаңа деңгейге көтерілді.

Олжас Айдарбек

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі