Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 30 жыл. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл датаны нақты іспен және жаңа жобалармен атап өтуді тапсырған болатын. Үшінші магаполисте бұл мереке қалай атап өтілпек?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аз сөз сөйлеп, көп іс тындыруға шақырды. Ал жауаптылар үшінші мегаполисте атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қалада 4 мектеп пен кітапхана пайдалануға берілді. Ал қасиетті Рамазан айында шымкенттік кәсіпкерлер ауқымды қайырымдылық акциясын жасап, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді.
Бексұлтан Әділханов, Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары: «Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жоспарланған іс-шаралар жүргізілуде.
Қала бойынша 109 тармақтан тұратын іс шараның жоспарының 600 тармағы аясында, жалпы 162 іс-шара өткізілді».
Сондай-ақ, биыл қазан-желтоқсан айларында 2432 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады дейді жауаптылар. Бұдан бөлек, «Бозарық» қосалқы станциясы пайдалануға беріледі. Ол Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Пәтер кілтін табыстау және қала үшін стратегиялық маңызды объектіні пайдалануға беру қандай форматта өтетіні әзірге белгісіз.
Бексұлтан Әділханов, Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары: » Бұл іс-шаралар қай форматта өтетіні әзірге белгісіз. Барлығы Шымкент қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына қарай ұйымдастырылады. Әрине, эпидахуал тұрақталып, жақсы жақсы болса оффлайн өткіземіз. Ал болмаса онлайн режимде өтеді».
Сонымен қатар, қалада жастарды жұмыспен қамту барысында бірқатар жоспар бекітілген. Мәселен, жас мамандарды еліміздің солтүстік өңіріне жіберу қарастырылып отыр екен. Әрине, оның барлығы эпидахуалға байланысты. Дегенмен, әкімдіктегілер Шымкент қаласының тұрғындары Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс-шараларды сезінуі керек дейді.
Камила Есенғали