Шымкент қаласында Әл Фараби ауданында орналасқан «Наурыз» шағынауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың маусым айында мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС-і бастаған.
Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Ал, қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылып үлгерді. Құрылыс жұмысы толығымен ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады.
Нәтижесінде, шағынауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылады деп жоспарлануда. Айта кетейік, бүгінде шаһар тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Мөлдір Ибадуллаева