Дүкеннен ойыншық ұрлап ұсталды

106

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлғалар сауда үйлердің бірінде орналасқан ойыншық дүкенінен құны 50.000 теңге тұратын ойыншықты жасырын түрде ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, бейнекамера арқылы күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай анықтады. Оның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі