Мал азығын экспорттауға 6 айға тыйым салынды

71

Елімізден мал азығын экспорттауға алты айға тыйым салынды.

 

Өйткені, құрғақшылық салдарынан қыста өнім жетіспеуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы мен қаржы министрлігі бірлесіп арнайы бұйрық шығарды. Ол 23 тамыздан бастап күшіне енеді. Негізі жыл сайын 2 жарым мың тоннадай жем-шөп сыртқа сатылады.

Көп бөлігі Қытай мен Түркияға тасымалданады. Ал, биыл елді толық қамту үшін 24 миллион тонна шөп жиналуы тиіс. Қазір бұл жұмыстың 74 пайызы орындалған.

Шынар Оразова