МӘМС: Кімдер қандай тегін қызмет ала алады?

258

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі елімізде былтыр қаңтардан енгізіліп, жұмысын жалғастыруда.

Міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар табыс мөлшеріне қарамастан өз қалауымен Шымкенттегі 42 медициналық ұйымның бірінде медициналық көмек, оның ішінде ультрадыбыстық зерттеулер, МРТ, КТ, оталарға қол жеткізе алады. Биыл 120 медициналық мекемемен келісімшарт жасалыпты. Алайда тіс емдеу қызметі баршаға бірдей қолжетімді емес,- дейді сала мамандары.
Сәбит Құралбек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры: «Бұрын 18 жасқа дейінгі және жүкті әйелдер тегін тіс емдетсе, қазір бұл тізім ұлғайды: мүгедектер, АЭК алатындар, зейнеткерлер, ҰОС  ардагерлері, «Алтын алқа, «Күміс алқа» иегерлері жоспарлы және жедел қызмет түрлерін ала алады».

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы азамат медициналық көмекті алуға құқылы. Өйткені емханалар келісімшартты республикадағы кез-келген ұйыммен жасауына болады», — дейді филиал директоры.

Егерде сізге жүйе аясында тиісті медициналық көмек көрсетілмесе, тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 коллорталығына, немесе «Qoldau 24/7» мобильдік қосымшасына жүгіне аласыз. Қосымшада сақтандыру бойынша толық ақпарат алып, медициналық мекеме немесе медицина қызметкерлері тарапынан болған кемшіліктер туралы арыз шағым түсіруіңізге болады.

Тағы бір ескеретін жәйт, коронавирус індетіне қатысты жұмысы уақытша тоқтап қалған мекемелер актуализация /сақтандыру/ жасаса, қызметкерлері кепілдендірілген медициналық көмек алуына болады.

Шынар Оразова