Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде 8481 адам вакцина салдырды: I компонент-3118, II компонент-5363. Егу науқаны басталғалы барлығы 371 561 адам вакциналанды. Оның ішінде 278 988 адам вакцинаның екі компонентін алды.
2 тамыз күні КВИ-дің 575 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 462, белгілері жоқ – 113). 284 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 291 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 220 орын бар. Төсек-орын толымдығы 73 %-ды құрайды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шаhарда эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі жағдайда. Бұл ретте қала тұрғындарын қоғамдық орындарда бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.