ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова қант бағасының өсімін тежеу қадамдары туралы айтты.
«Ішкі бағаларды реттеу мен тұрақтандыру, сондай-ақ негізгі тауарларды тұтынушыларға жеткізу аясында қантқа қатысты бірқатар шешім қабылданды. Былтырдан қант бағасының елеулі өскенін байқап отырмыз. Бұл өз кезегінде 2020 жылы қант қызылшасы шығымдылығының төмендігіне және қант құрағы құнының артуына байланысты болды», — деді Жанель Кушукова министрліктің алқа мәжілісінде.
«Осыған байланысты биыл қант құрағы мен дайын қантты ағымдағы жылдың 15 мамыры мен 30 қыркүйек аралығында жеңілдікті түрде алып келуге квота бекіту туралы шешім қабылданды. Қазақстан үшін квота көлемі 134,4 мың тоннаны құрады. Бұл шешім қант бағасының негізсіз өсуін тежеуге мүмкіндік беріп, қант өндіретін компаниялардың жұмысын тұрақтандырады», — деді вице-министр.
Шынар Оразова