Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен министрлік жанындағы жем-шөппен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысы өтті.
«Құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің қажеттіліктерін есептеп, қажет жем-шөпті олардың операторлары арқылы жеткіземіз», — деп толықтырды сөзін Е.Қарашөкеев. Жем мен кебек бағасының негізсіз өсуіне байланысты жағдай қиындады. Қолданыстағы заңнама аясында бағаның негізсіз өсу фактілеріне жедел ден қою қажет.
«Жемшөп пен кебек сататындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді және құрғақшылық салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдардың қайғысынан пайда табу адамгершілікке жатпайтынын еске саламын. Сондай-ақ, бұл істе делдалдардың араласпауын қадағалау қажет», — деді министрдің міндетін атқарушы.
Шынар Оразова