Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

122

Токио Олимпиадасында қазақстандық Софья Берульцева (61 келі) карате-додан жартылай финалда қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде екі спортшы да жеңіске жету жолын іздеді. Софияның да белсенділігі байқалып тұрды. Кездесуде мысырдық спортшы 5:4 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Қарсыласы — Ферьял Әбделәзиз 1999 жылы дүниеге келген. 2018 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. 2019 жылы Африка ойындарында күміс жүлдегер болды. Ферьял Әбделәзиз В тобында сынға түсті.

Екі жеңіс, бір тең ойын, бір жеңіліспен бес ұпай жинап, тобында бірінші орын алды. Ал Софья Берульцева 2000 жылы дүниеге келген. Әзірге халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізе қойған жоқ. Еске салсақ, ол төрт жекпе-жек өткізді. Оның екеуінде Сильвия Семерароны, әзербайжандық Ирина Зарецкаяны жеңсе, түркиялық Мельтем Ходжаоғлымен тең түсіп, жапониялық Аюми Уекусаға есе жіберді. Осылайша бес ұпаймен А тобында екінші орын алды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан спортшылары жеті қола медаль алды. Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов бар.