Текесу каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді

172

Еңбекші ауданындағы Текесу каналы үстінен өтетін көпір қайта жөнделіп, ел игілігіне берілді. Қолданыстағы көпір 1993 жылы салынған болатын. Оның ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды.

Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді. Еске салсақ, осы жылдың шілде айында «Жұлдыз» тұрғын алабының тұрғындары жергілікті билік өкілдеріне өткел көпірдің техникалық жағдайы апатты деп шағымданған болатын. Осы орайда Еңбекші аудан әкімі мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған.  Бүгінде көпір толықтай жөндеуден өткізілііп, пайдалануға берілді.

Айта кетейік, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстары жүргізілмек. Азаматтардың өтінішін ескерген басшылық бұл мәселе басты назарда екенін ескертіп, барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтты.

 Айнұр Бекасанова