Жарылыс салдарынан уақытша тоқтаған пойыздар кестеге сай жүріп жатыр

70

Жамбылдағы жарылыс салдарынан елдегі бірқатар жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылды. Шымкентте 4 пойыз жолаушылары діттеген жерлеріне уақытында жете алмады.

Айтуларынша, олар 10 сағаттан астам уақыт бойы вокзалды мекен еткен. Вокзал басшылығы олардың нақты санын айта алмады. Себебі жолаушылардың кейбірі қолдарындағы билеттерін өткізіп, жеңіл көлікпен жолға шыққан. Қазіргі таңда жағдай тұрақталыпты. Барлық пойыз орындарынан қозғалып, кестеге сай жүріп отыр.

«Қазіргі таңда Шымкент станциясында жолаушылар пойыздарының барлығы жөнелтілді. Қазір күтіп отырған пойызымыз 7 пойыз. Алматы-Маңғышлақ, және 33 пойыз Алматы-Ақтөбе, 78 Маңғышлақ-Алматы деген пойыздарды күтіп отырымз. Бізге келетін солар», дейді мамандар.

 Камила Есенғали