АГРС-3 нысаны қазан айында іске қосылады

106

Шымкент қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылыс жұмысы 98 пайызға аяқталды. Бұл туралы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков журналистерге өткізген пресс турда айтты.

Оның айтуынша, нысанның техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылып, газ құбырына гидравликалық сығымдау жұмысы жүрізілуде. Ағымдағы жылы қазан айының соңына дейн АГРС-3 нысанның құрылыс жұмысын аяқтап, іске қосу жоспарланған.

Айта кектейік, газ тарату стансиясы іске қосылған соң тұрғын үй, әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Жанерке Үкібасова