Дизель отыны қымбаттай ма?

147

«Дизель тапшылығы, тек жанар-жағармай бекеттері ғана емес, жалпы маусымдық жұмыстардың барысына кедергі келтіруде».Осылай

деген қаладағы жанар-жағармай бекеттерінің өкілдері кәсіпкерлер палатасында бас қосты. Зум әлеуметтік желісі арқылы энергетика министрлігінің өкілдерімен байланысқан олар, айтулы мәселеге қатысты бірқатар сауалдарын жолдады.

Жанар жағармай бекеттерінің қожайындары дабыл қағуда. Елдің оңтүстігінде мұнай өнімдерін бөлу кезінде қалыптасқан жағдай салдарынан орын алған дизель тапшылығының мәселесі шешілмесе, шарықтаған бағаны ауыздықтау мүмкін болмайды дейді олар.
Берік Жұмабеков, кәсіпкер: «Нарықта  дизель отынының тапшылығы орын алғанына   10 күн болды. ДТ-92 болмай жатыр. Оған дейін болды жоғарғы бағада 15-20 теңге қымбат. Сол объемды бізге тең тарқататын болса, дефеицит болмайтын еді. Ол қолдан жасалып отыр. Ұстап отырады, біз іздейміз, сұраныс көбейген сайын баға көтеріледі».

Елдегі дизель тапшылығы неден орын алғаны жайлы Петросан серіктестігінің басшылығы түсініктеме берді.
Нұржан Сартбаев, «Petrosun» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары:» Дизель  отыны тапшылығының бірінші себебі, ағымдағы жылдың басында Атырау мұнай өңдеу заутытында электр жарығы сөніп, салдарынан өндірісте 200 мың тонна өнім өндірілмеді. Оның әсерін қазір астықты жинау маусымында сезінудеміз. Екіншіден, егерде 2019 жылы тамызда 450 мың тонна тұтынылған болса, биыл осы мерзімде 520 мың тонна босатылған. Отын көлеңкелі экспорт арқылы Ресейге, Өзбекстанға кетіп жатыр. Қазақстанда отынның бағасы көрші мемлекеттермен салыстырғанда едәуір төмен».

Ірі серіктестік басшылығының пайымдауынша қарашада жағдай дұрысталады. Өйткені сұраныс төмендейді, астық жиналады. Дегенмен кәсіпкерлер бұл жауапқа қанағаттанбаған сыңайлы. Қарашаға дейін біз не істейміз, жұмысты тоқтатамыз ба? Ала жаздай еккен егінді жинап алуға асық отырған диқандардың жайы не болмақ,- дейді кәсіпкерлер.

Пармен Жұмабек,  жанар-жағармай қауымдастығының мүшесі: «Қалтасыда ақшасы жоқ қарапайым шаруа не істейді. Ол дизель отынын жанар-жағармай бекеттерінен қарызға алады.80 шақырымдай жүріп, отынды тапса. Мұнай өнімдерін бөлу, бағасын бекітуде тез арада шешім қабылданбаса, жағдай ушыға түседі».

Ал сала мамандары бүгінде қол қусырып құр отырмағандығын, мәселені шешуге атсалысып жатқандығын айтады.
Талғат Құрманбай, Энергетика министрлігінің департамент басшысы:»Бұл жағдайды реттеу мақсатында премьер-министр, президенттің қатысуымен жиын өтті. Онда мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда бағалары жайы талқыланады. Егерде өнімнің бағасын көтеруге рұқсат берілсе, онда барлық жанар-жағармай бекеттері дизель отынын бекітілген бағада сатып алып, негізделген өз бағасын қоюуына мүмкіндік туады».

Күзгі жиын терімде дизель отынына сұраныс артып, бағаны көтеру дәстүрге айналып бара жатқанын алға тартқан кәсіпкерлер бұл мәселеге Үкімет араласып шешілуін сеп болады деген үмітте.

Шынар Оразова