Шымкентте IKomek 109 орталығы қарқынды жұмыс жүргізе бастады. Ол қала тұрғындарының жоғалған заттарын табуға жәрдем береді. Бұл орталық мемлекет басшысының халықпен кері байланыс орнатуды күшейту туралы тапсырмасына сәйкес қала әкімінің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын ашылған еді. Қазіргі таңда мекемеде 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
IKomek 109 орталығы жоғалған заттарды табуға көмектеседі. Бұл орталық қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын ашылған болатын. Мекемеде 50 қызметкер халыққа қызмет көрсетіп жатыр.
Айкөмек бүгінде қала тұрғындарының қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланған жерлерде жоғалған заттарын табуға көмектнседі. Себебі, соңғы уақытта мұнда тұрғындар тарапынан қолындағы мүлкінен көз жазып, іздеп хабарласушылар көбейген.
Тоғжан Әбіш, «IKomek 109 » орталығының бас сарапшысы: «Жоғалған заттың тұрғыны егер затты тауып алған болса, бізге хабарласады. Біз онымен байланысатын ақпараттың бәрін алып аламыз. Қажет жағдайда ол бізге сол затты алып келіп береді мекемемізге. Ары қарай біз оны инстаграм парақшаға саламыз осындай төлқұжат табылды деп. Төлқұжат табылған жағдайда оның егесі бізге хабарласады. Хабарласқаннан кейін егесіне біз мекенжайымызды айтамыз егесіне, мекенжай бойынша алып кетеді сол затты».
Орталық тек адамдардың көз жазып қалған дүниелерін емес, үйіне оралмай кешігіп жатқандар жасөспірім оқушыларды да тауып береді екен. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қоңырау соғу арқылы барлық қоғамдық көліктерге дабыл қағады. Ал сала мамандары тұрғындар арасында ең көп жоғалатыны сөмке мен әмиян дейді.
Тоғжан Әбіш, «IKomek 109 » орталығының бас сарапшысы: «Қазіргі таңда 600-ден астам жоғалған заттар табылды. Оның ішінде 250-ге жуығы сөмкелер, әмияндар. 150-ге жуық құжаттары бар файлдар, папкалар табылды. Ноутбуктар, домбыралар болды мысалы. 2 пакет аяқ қиім, 72 төлем карталары табылған болатын бізде жоғалған».
Алайда осы бір мүмкіндікті пайдаланып, алаяқтыққа баратындар да жоқ емес. Бөтен адамның мүлкін өз меншігім деп, айласын асырмақшы болғандар оқта-текте кездесетін көрінеді. Дегенмен орталыққа хабарласып, алғыстарын айтатын тұрғындар да баршылық.
Динара Жұмабекова, Шымкент қаласының тұрғыны: «3-4 күн бұрын автобуста документтерімді жоғалтып алған едім дереу Айкөмекке звондадым. Балалар жақсы жұмыс жасайды, тез тауып берді. Бастығына үлкен рахмет айтамын. Осылай жұмыс жасаса барлық жерлер халыққа жеңіл болатын еді».
Сала мамандары жақында «Аманат» деп аталатын қосымша іске қосылатынын айтады. Бұл бағдарлама мүлкін жоғалтып алған және заттарды тауып алған адамдарды байланыстыратын көпірге айналмақ.
Әлихан Файзханов