Кентауда жер асты сулары мәселелері шешілуде

223

Кентауда жер асты суларын төмендету жүйесін салу жобасы қолға алынды. Тартылған су «Қосқорған» су қоймасына құйылады. Салдарынан Түркістан өңіріне қосымша 70 млн.м3 дейiнгi ағын су жеткізілетін болады.

Бұрынғы шахтаға түсетін ғимараттың ішіне бірнеше сусорғыш орнатып, Кеншілер саябағында орналасқан бетонды арыққа құю арқылы қала ішімен алып өту қарастырылуда. Жоба жүзеге асқан жағдайда, Алматыдағы «Весновка» өзені іспеттес, Кентау көшелерінен де мөлдір таза су ағып өтетін болады.

Ерлан Алдыбаев, Кентау қаласының құрылыс бөлім басшысы: «Шахта бүгінгі таңда суға толтырылған. Сол суды жер бетіне шығару үшін бүгінгі таңда жобалау жұмыстары әзірленді. Ол жобаға кіретін негізгі 4 жерасты насос қоямыз. 130 метрге дейін жетеді тереңдігі. Сол насостар арқылы жер асты суларын жер бетіне көтеріп, «Қосқорған» су қоймасына жөнелту».

Әлихан Файзханов