Мал азығын өндіруде жаңа әдіс қолданылады

119

Шымкентте мал азығының көлемін арттыру мақсатында гидропоника әдісі қолданылмақ. Ауыл шаруашылығы мамандары аталған әдістің тиімділігін атап, оның келер жылдан бастап енгізілетінін айтты.

Аталған тәсіл — дақылдардың сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталады. Қала бойынша мал азығына қажетті жем-шөп 358,5 мың тоннаны құрайды. Оның 186,4 мың тоннасы Шымкентте дайындалады.

Биыл жергілікті бюджеттен мал басына сатып алатын жемнің бағасын арзандатуға қарастырылған 148 млн. теңгеге қосымша 100 млн. теңгеге қарастырылмақ.

Диана Біржанова