Түркістаннан батысқа 74 тонна шөп жөнелтілді

243

Түркістан облысында Жетісай мен Мақтаарал ауданының тұрғындары биыл қуаңшылықтан қиындық көріп жатқан батыс өңірінің жұртшылығына 74 тонна шөп жөнелтті.

Олардың біразы қайырымды іске жоңышқалық немесе шабындық жеріндегі шөбін жинап берген. Енді бірі ақшалай, автокөлік тасымалымен жәрдем беруге тырысты.

Жиналған шөп жүк көліктерімен Сарыағаш қаласындағы темір жол стансасына жеткізіліп, әрі қарай вагондарға тиелді. Ортақ іске көп болып жұмылған мырзашөлдіктер тағы 60 тонна мал азығын дайындауды көздеп отыр.

Шынар Оразова