Бүгін таңғы 09.00 де Манкент ауылдық округінде Ғайрағаш көшесінің 72 үй тұрғыны 250 адамға «Үйлену той» жасап дүркіретіп өткіземін деген ойы жүзеге аспады. Оқиға орнында аудандық мобильді топ және тәртіп сақшылар барып тойдың басталмауына себеп болды, той иелеріне тиісті шара қолданды.
Өкінішке орай, карантин талабын әлі де түсінбей, жаппай той-тойлауға көшіп кетті ауылдық округ тұрғындары. ТАҢДЫ тоймен бірлесе атқызуға бел буған халық карантин шектеулерін бұзу фактілері айыппұлдарға әкелерін білседе, соған қарамастан жалғасуда.
Көпшілік іс шаралар егде жастағы азаматтар үшін аса қауіпті екенін ұмытпауымыз керек. Қарттар мен балаларды барынша қорғауға тиіспіз. Ағымдағы эпидемиялық жағдайды ескере келе инфекцияның өршуіне жол бермеуге және қарқындылығын төмендетуге бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, түрлі отбасылық іс-шаралардан бас тарту аурудан аулақ болудың бірден-бір жолы.