Мұнай өндірісі артады

70

ОПЕК ұйымы мұнай өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге көбейту туралы келісімді жалғастырады.

Қара алтын экспорттаушы елдердің министрлері осындай келісім жасады. Олардың айтуынша, кей елдерде карантиндік шектеулер күшейгенімен, нарықта экономикалық өсім бар. Мұнай импорттаушы елдерде сұраныс артып, қара алтын қоры азайып жатыр.

Өндірісті біртіндеп көбейту бағаны төмендетпейді деп шешті. Іле шала нарықта мұнай арзандады.

Қара алтын өткен жылдың қазанынан бері алғаш рет 9-9,5 процентке қымбаттаған болатын. 31 тамыз күні Брент маркасы 73 доллардан асқан еді. Сарапшылардың айтуынша, мұнай өндірісінің артуына АҚШ мүдделі болып отыр. Өйткені құрама штаттарда бензин қымбаттап, халықтың наразылығын тудыруда.

Ал Ақ үй әкімшілігі өндірісті көбейту арқылы мұнайды арзандатуға ниетті

Шынар Оразова