Орташа зейнетақы мөлшері 99 857 теңге

44

Қазақстанда екі миллионнан астам зейнеткер бар. Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Ал орташа зейнетақы мөлшері 99 857 теңге болды, деп хабарлайды еңбек министрлігі.

Ведомства мәліметінше, биыл қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 236,7 миллиард теңге бағытталды.

Тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,7 миллиард теңге бөлінді.