«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Covid-19 індетімен күресуге өз үлесін қосуда

71

Өңірде қалыптасып отырған қиын эпидемиологиялық жағдайды және ауыру жағдайларын азайтуға және қажетті ем алуға бағытталған шаралардың маңыздылығын назарға ала отырып, зауыт басшылығы газ тәрізді техникалық оттегіні шығаратын технологиялық қондырғыны іске қосып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының медициналық мекемелерінің оттегі баллондарына газ тәрізді техникалық оттегіні толтырып беруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

 Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өңірдің медициналық мекемелері жалпы көлемі 8112 м3 оттегімен қамтамасыз етілді.

 Оттегіні МЕСТ 558378 стандартына сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу және оны әрі қарай медициналық мекемелерге бөлу жұмыстары «KAZMEDPRIBOR» ЖШС арқылы жүргізілді.

  Ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар Шымкент қаласының және Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармаларымен келісіліп, ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету көмегі өтеусіз негізде көрсетілді.

  Оттегіні баллондарға толтыру кезінде және оларды арнайы жабдықталған көліктерге салыпжіберу кезінде техникалық талаптармен және санитарлық ережелермен белгіленген барлық тиісті қауіпсіздік шаралары сақталды.