Қаратау ауданында 100-ге жуық ойын алаңшасы абаттандырылды

59

Қаратау аудан әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты.

Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды.

Жобаны 2021жылы қазан айының соңына аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, Қаратау ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылған. Енді шамамен 15-ке жуық ауланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жанерке Хумар