Қазақстанда 27 қыркүйектен бастап той өткізуге рұқсат берілді

195
фото информ

Биылғы 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен бірқатар іс-шара өткізуге рұқсат етілді.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.