Úı ANONS Қасқыр атуға рұқсатты қалай алуға болады?

Қасқыр атуға рұқсатты қалай алуға болады?

Түркістан облысы Сауран ауданы шибөрілер көбейіп кетіп экология министрлігі арнайы рұқсат беріпті. Қасқыр мен шибөріні биылдан бастап атуға.

17 қаңтарда Сауран ауданында кең ауқымды аңшылық рейд ұйымдастырылды. Шара мақсаты қыс мезгілінде малға қауіп төндіретін қасқырлар мен шибөрілерді аулау. Жыртқыш аңдарды ату — олардың шамадан тыс көбеюінің алдын алып, санын реттеуге бағытталған тәсіл. Бұл тәжірибе  Түркістан облысында ғана емес, өзге өңірлерде де қолданылады. Жыртқыштарды атуға рұқсат арнайы портал арқылы (соның ішінде elicense.kz жүйесімен) берілуде. Алайда ол тек заңда белгіленген жағдайларда және бекітілген шектеуге сай жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі аумақтық инспекцияның ұйымдастыруымен тәжірибелі аңшылардан құралған рейдтік топтар жасақталмақ. Жыл басынан бері 243 қасқыр мен 2025 шибөрі атуға шекті мөлшер бекітіліп, тиісті рұқсат берілді. Ал өткен жылы рейдтік шаралар Отырар, Сауран және Арыс аудандарында өткізілген.

БАҚЫТ МҰСАЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ЖӘНЕ АҢШЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Ең көп шағым келген аумақ Сауран ауданы. Сауран ауданынан өте көп шағым келді. Отырар ауданы. Және сол ауданнан бір ветеринариялық ақпаратқа сәйкес құтыру дерегі тіркелген».

Қазірде Шардара, Арыс және Отырар аудандарында шибөрілер санының арту қаупі бар. Ал Төлеби, Бәйдібек және Түлкібас аудандарында қасқырлар санының көбейгені тіркеліп отыр.

Ботакөз Әнуар