Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді

117

Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.

«Ақылы жолмен жүру тарифі 2013 жылы бекітілген. Содан бері өзгерген жоқ және өзгермейді де», — деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның дерегінше, елімізде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 1 теңгені, ауыр жүк көліктері үшін 1 шақырымына жүк сыйымдылығына байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ал көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Еуропа елдеріндегі тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.

inform.kz