Úı ANONS Жүк көліктеріне айыппұл салынады

Жүк көліктеріне айыппұл салынады

фото ашық дереккөзден

Шымкентте ауыр жүк көліктерін бақылауға арналған өлшеу станциялары орнатылуда. Бүгінде бұл жоба қала әкімшілігің бақылауында. Автоматтандырылған жүйе жолдардың сақталуы мен көлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында қойылмақ. Бұл құрылғылар ауыр жүк көліктерінің салмағын бақылауға мүмкіндік береді дейді жауаптылар.

Әзірге биыл бөлінген 308,6 миллион теңге қаражат есебінен үш станцияның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтар болсақ, Жібек жолы, Бердібек Қожа, Әмір Темір көшесінде орнатылды. Қазіргі уақытта станциялар тексеруден өтіп, тестілеу режимде жұмыс істеп жатыр. 15 қазаннан бастап заңбұзушылықтар автоматты түрде тіркеліп, айыппұл салынады. Құқық қорғаушылар ауыр жүк көліктерінің заң бұзбауын бақылайтын болады.

Сәрсен Құранбек, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Алдағы 2026 жылы қосымша алты станция орнату жоспарланған. 2026 жылға арналған жобаның құны 712,6 миллион теңгені құрайды. Қаланың шеткі аумақтарында ауыр жүк көліктерінің ағыны көп болатыны белгілі. Шымкент қаласындағы Ынтымақ шағынауданының маңындағы Әл-Фараби көшесі, Әуежайға кірме жол маңындағы  Темірлан тасжолы, Бозарық шағынауданы маңындағы Бәйдібек би даңғылы, Ипподром маңындағы А-2 айналма жолы, Исфиджаб тұрғын алабы маңындағы Әл-Фараби көшесі, Шымкент-Ташкент тас жолы Оңтүстік айналма жолы маңына орнатқалы отырмыз. Мұның барлығы, бір оська 8 тоннандан артық салуға болмайды. Біздің жол осы стандартқа негізделген.  Өкінішке қарай, Қытай елінен келген ауыр жүк көліктерінің салмағы 18 тоннаға дейін салмақ салады. Мұның барлығы тұрғындарға қолайсыздық тудырады. Қала берді қаражаттың орынсыз жұмсалуына негіз болады».

Айта кету керек, бұл жобаға қала бюджетінен 1,021 миллиард теңге бөлінген. Былтыр  қазан айында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер анықталған.

Нұргүл Жолымбетова